Тасашы орта мектебінде "Буллингтен қорған" тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтілді. Мақсаты: Оқушылардың буллинг туралы түсінігін қалыптастыру: Буллинг ұғымын анықтап, оның түрлерін, себептерін және салдарын түсіндіру. Буллингтен қорғану жолдарын үйрету: Оқушыларға қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы практикалық кеңестер беру. Қолдау сұраудың, көмекке жүгінудің маңыздылығын көрсету. Топтық ынтымақтастықты нығайту: Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту. Бір-бірін қолдаудың, мейірімділіктің және өзара сыйластықтың маңыздылығын ұғындыру. Эмоционалдық қолдау көрсету: Салауатты мектеп мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету: Оқушылардың арасында буллингтің алдын алу және оны болдырмауға бағытталған орта құру.